АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Науырызбен бақыт келсін!»

27.03.2019

      Жан дүниең ерекше күйге енетін, Күн сәулесі жып-жылы нұр беретін, Жер төсінен тіршілік нәрін алып, Балауса гүл ерекше түрге енетін Жыл бастауы дүркіреп Наурыз келді! - деп ақындарымыз жырлағандай Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжіне де дүркіреп Наурыз мейрамы келді. Әлемнің ең көне мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамына колледж ұжымы концерт ұйымдастырып, ерекше мерекелеп өткізді. Концерт колледжіміздің талантты студенттерінің мың бұралған биімен ашылып, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Әрі қарай шашу шашылып, әндер шырқалып, қазақтың ежелгі дәстүрлерінің бірі «Балаға ат қою және бесікке салу» дәстүрі көрсетілді. Концерт соңында, қазақ халқының ерекше жақсы көретін спорт түрі «қазақша күрес» студенттер арасында өткізіліп,ең мықтысы анықталып, марапатталды. Сонымен қатар, студенттерге арнайы дайындалған қазақ халқының құрметті және дәстүрлі тағамдары Наурыз көже мен бауырсақтар таратылды. Бүгінгі мерекенің бір ерекшелегі «Қазақстан- алма мен қызғалдақ отаны» болғандықтан студенттерге алма мен гүл патшайымы – қызғалдақ таратылды. Сонымен қатар, Әз Наурыз мейрамынында студенттер тарапынан жәрмеңке ұйымдастырылып, түскен қаражат қайырымдылық қорына жұмсалды. Көктемгі жылумен бірге келген Наурыз мейрамымен бірге әр шаңыраққа көтеріңкі қөңіл-күй, тыныштық, шаттық пен қуаныш енсін!

Просмотров: 304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст