АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

20.12.2018

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік !

      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — Тәуелсіздік-таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.Бұл күн -тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді  ел болған күні. Бұл мереке әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.                       

Тәуелсіздік –халықтың орындалған арманы! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 27 жыл толды.                                                                                

Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едәуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан

кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсағаны. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма жеті жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры -ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші

- ел бірлігінде, ұлттар татулығында. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді

әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген- тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 

   Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау

жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұлы мақсаттарына ұмтылдық. Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуға қадам бастық. Оған бізді адастырмай апаратын жалғыз ғана жарық жұлдызымыз –  Темірқазығымыз бар. Ол – тәубе қылатын, тәу ететін біздің ұлы Тәуелсіздігіміз.  Тәуелсіздік – жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр, көңіліне шуақ құятын кәусар бұлағымыз.

  Біз кемеңгерлігі мен көрегендігі, бірлігі мен бірегей мақсаткерлігі қатар өрілген Мәңгілік Елімізді мақтан тұтамыз. Біз мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік Елдің жүрегіне айналған мәңгілік Астанамызды тұрғыздық. Мәңгілік

мызғымас экономика қалыптастырып, мәңгілік болашаққа жол салдық. Осының барлығы Тәуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мәңгілік Еліміздің келбеті сәнді, еңбегі мәнді болсын! Күллі халқымызға берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін!                         

  Сонымен, өз ойымды қорытындылай келсем, біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Болашақ жастарға сапалы білім, тағылымды тәрбие беру жолында талмай еңбек етіп, олардың елдің болашағын жалғастырушы білікті маман болуда білім, өнерімізді аямай,бәсекеге қабілетті,көп тілді меңгерген жан-жақты маман болуға  бағыт- бағдар беруші біз-ұстаздармыз.

Шөкімова Әсем Мәжитқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы                                

            Көкшетау қаласының жоғары техникалық  колледжі

 

 

Просмотров: 285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст