АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіз Астана, мен сені құрметтеймін!

23.11.2018

                                          

Тәуелсіз Астана, мен сені құрметтеймін!

     Астана  қаласының жиырма жылдық мерейтойына орай Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында «Астананы асқақтатқан 20 жыл» атты Көкшетау қаласының мәдениет  және  тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен шығармашылыққа жаны құмар жастар арасында  жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Бұл іс шараның мақсаты -өнерге, шығармашылыққа жаны  жақын жастардың ақындық  шеберлігін ұштау, өнерлеріне қолдау көрсету,туған жерлеріне  деген сүйіспеншіліктерін, еліміздің  өткен тарихы мен жарқын болашағына деген сыйластық сезімдерін  тәрбиелеу,тәуелсіз Қазақстанның символы іспеттес Астананың мәртебесін  көтеру.

Бұл аталған іс шараға біздің  Жоғары колледждің  З- ТМ- К тобының студенті Қазбек Аманбек  қатысып, өз қаламынан туған, патриоттық сезімге толы  «Астана» екі  өлеңін жан тебіренте орындап, әділқазылар алқасы мен  көрермендер сүйіспеншілігіне ие бола отырып,марапатталды .Өнерің өрге жүзсін, жас ақын!- деп ақ тілек айта отырып, жастарды  шығармашылыққа, ізденушілікке шақырамыз!

Колледждің қазақ

тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы:

Есентурова Бақыт Саттыбалдықызы

Просмотров: 493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст