АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық семинар

22.11.2018

Облыстық семинар

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауында білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып танылатындығы  айтылған. «Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады деп көрсетілген. Соның бірі инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесі. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.

Инклюзивті білім беру мәселесі бойынша «Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар тұлғаларды жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарға оқыту:ТжКБ жүйесіндегі техникалық-технологиялық, индустриальдық бейіндердің проблемалары мен шешу жолдары» атты тақырыпта облыстық семинар  Атбасар қаласы №1 ИТК кешенінде өтті. Техникалық -технологиялық, индустриальдық бейіндерде кәсіби білім беретін кәсіпорын мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ой-тұжырымдарын ортаға салды.

 

Токтаганова Айнур Сагындыковна

физика және информатика

пәні оқытушысы

Просмотров: 347


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст