АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану

10.11.2018

«Ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану»

 

 Ақпараттық өзгерістердің қарқынды өзгеру жылдамдығы қазіргі жаһандану заманының маңызды белгісі. Дербес компьютерлерді құру, коммуникацияның заманауи жүйелерін әзірлеу білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға әкелді.

Студенттер Ғаламторда көп уақытты өткізеді, өйткені оқу пәндері  өздерінің меңгеруіне қатысты қосымша ақпарат талап етеді.

Білім үрдісіне ақпараттық-коммуникативті технологияларды енгізудің негізгі міндеттері – бұл қоғамда болып жатқан өзгерістерді игеруде және өмірде қолдану үшін студенттердің компьютерді жетік меңгеруі.

АКТ-ды электротехника, техникалық механика сабақтарында қолданамын. Сабақтан мультимедиялық технологияларды қолдану кезінде студенттердің  пәндер бойынша базалық білімдерін жүйелендіруге, сондайақ олардың пәнге қызығушылығын арттыруға және білім алуға ынталандыруға мүмкіндін береді: МС-17, ЗТСП-17, ЗОПИ-17 тобының студенттері араласуда.

Компьютерлік технологиялар қазіргі заманғы сабақтардың барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа тақырыпты түсіндіргенде, студенттердің біліммін және дағдыларын бақылау кезінде, зертханалық және тәжірибелік сабақтарды, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын орындау барысында кең көлемде қолданылады.

Ақпараттық технологияларды қолдану:

-        ақпарат беруді күшейтеді,  иллюстрациялық материалды едәуір кеңейтеді, проблемалық жағдайларды тудырады, оқытудың эмоционалды даму фонын нығайтады, оқушылардың оқудағы ынталылығын қалыптастырады, оқу процесін жекелендіреді;

-        оқытушыға зерттелген мәліметтердің көлемін едәуір кеңейтуге және нысандарды әртараптандыруға, студенттердің оны қабылдау жолдарына кеңейтуге мүмкіндік береді.

      АКТ құралдары оқушылардың танымдық қығызушылықтарын арттырудың басты құралы, сондай-ақ өздігінен білім алу үшін жағдайлар тудырады.

      Осылайша, оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативті технологиялады қолдану білім сапасын жоғарлатуға,

студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға және жалпы танымдық қызметтерін белсендіруге мүмкіндік беремін.

 

 

 

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст