Ұлылар өмірі- бізге өнеге.
«Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінде»
Қазақстан Тілдері мерекесі аясында бірінші курс студенттерінің қатысуымен
«Ұлылар өмір - бізге өнеге» атты
тақырыпта салтанатты кеш ұйымдастырылып, өткізілді.Кештің мақсаты - еліміздің
кіндік қаласы Астана қаласының 20
жылдық мерейлі мерекесіне , осы жылы мерейтойлары аталып өтіп
отырған қазақ жерінің ұлы да дана ақын- жырау, жазушы, ғалымдары мен өнер
қайраткерлерінің асыл мұраларын дәріптей
отырып, олардың өмірлерін үлгі ету.Сонымен қатар бұл іс-
шара биылғы жылы мамандық алу мақсатында
оқуға түсіп, білім алуға келген студенттерді ұжымымызға қабылдап, олардың жаңа
ортаға бейімделуіне де бағытталған. Кеш студенттердің
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
әнұранын салтанатты орындалуымен
басталды.Мереке екі бөлімнен тұрып,бірінші
бөлімінде мерейтой иелерінің өлеңдері мәнерлеп айтылып, шығармашылық жолдары мен асыл мұраларына көз жүгіртіп,мазмұнды
да тартымды презентацияны тамашалап , еске алсақ, «Өлеңмен өрнек тоқыған» деп аталған кештің
екінші кезеңінде басқа да ақын- жазушылардың және колледж
студенттерінің өздері
шығарған өлеңдері нақышына келтіріліп
орындалды. Өлеңдердің орындалу барысында
студенттердің жауапкершілігі, өз тілдеріне, туған жерлеріне деген сүйіспеншілік
сезімдері байқалды.Бірінші курстың студенттері Серікбай Бахтияр ,Қайыр Алихан,
Қайролла Мөлдір, Исқақ Гүлжан және екінші курс студенттері Рахметжанов Әділ,
Аманбек Қазбек және Болатов Нұрислам
Мұқағали Мақатаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың,Мағжан Жұмабаевтың ,
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін жан тебіренте орындады.Кештің сәтті,
мағыналы өтуіне Болатов Нұрислам мен Жанаулова Амина жауапкершілік танытты.Осы іс- шараның жақсы
өтуіне өз үлестерін қосқан
студенттерге - үлкен алғыс! Бұл іс шара -
Отанға, тілге, мәдениетке, елдің өткеніне деген
үлкен сыйластықтың бір белгісі.
Колледждің қазақ тілі және әдебиетінің
оқытушылары:
Есентурова Бақыт Саттыбалдықызы
Шокимова Асем Мажитқызы