АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мемлекеттік тіл- менің тілім" тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді.

22.09.2018

«Мемлекеттік тіл- менің тілім" тақырыбында

интеллектуалды ойын өткізілді.

Тілдер мерекесі- еліміздің тұтастығының, бірлігінің айнасы. Халықтар достығы, өзара бірлесуі- Қазақстан құрудың негізгі арқауы екені анық. Бұл істің барлығы қазақстан азаматтарының бойында патриоттық сезім

қалыптастырады. Тілдер мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінде Тілдер мерекесі бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сейлбекова Сәулеш Жамхурқызы  студенттерге тілді түсіну, алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу, ой- өрісін кеңейту, логикалық ойлауды дамыту, қарым қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында 19.09.2018 жылы «Мемлекеттік тіл- менің тілім" тақырыбында ТТ-17 тобының студенттерімен интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс ережесіне сәйкес студенттер екі топқа бөлінді. Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылды. Тез, жылдам, нақты жауап берді. Екінші айналымда жұмбақ жасырылып, жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшын тілінде) айтып берді. ІІІ айналым «Ойлан, тап».
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер берілді. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын тапты. IV айналым «Айшықты сөздер» деп аталды. Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері берілген. Ойланып, мағынасын ашып, өмірден мысалдар

келтіріп жеткізе білді. V «Болмасаң да ұқсап бақ» айналымында өлең жолдары берілді. Көп нүктенің орнына тиісті сөздер қойып, өлең құрастырып, өлең қандай тақырыпта жазылғанын аша отырып, сол тақырыпта өз ойларын жеткізе білді. Соңғы айналым «Қолқа салу» кезінде екі топ басшысы өлең тақырыптарын таңдап, өлеңді караоке арқылы ән шырқады.

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст