«Астана- бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпықазақстандық
ашық диктант шарасы жүргізілді.
Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінде жыл сайынғы «Мың бала» мәдени- ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Астана- бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасын ұйымдастырды.
Диктант 20 қыркүйек күні сағат 11.00- де басталды. Мемлекеттік тілдегі сауаттарын байқауға және білімін одан әрі жетілдіруге бағытталған шараға 1-5 курс студенттері қатысты. Шара қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдер бірлестігінің меңгерушісі Калиева Карлыгаш Амиржановнаның құттықтау сөзімен ашылды. Ол қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесімен құттықтап, «Тіл –халықтың рухани байлығы, сондай-ақ ұлттардың ынтымағы мен бірлігін жарастыратын да, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да осы мемлекеттік тіліміз» екендігін айта кетті.
Жазба жұмысының қорытындысы бойынша барлығы 277 студент қатысты. Нәтижесінде 91 студент «өте жақсы», 144 студент «жақсы», 42 студент «қанағаттанарлық»бағаға жазды. Үздік танылғандар Қазақстан Республикасы Тілдер күніне арналған колледжішілік қорытынды кеште дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады.