Тіл – халық мұрасы
Тілім менің асқар тауым, биігім,
Сен болмасаң өмір қалай сүремін?
Күннен күнге өркендей бер асқақтап,
Алтын орда, Қазақстан тірегің!
- дей келе біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол, әрине, қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеу.
Осыған орай ағымды жылдың 18 қыркүйек күні «22-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні» тақырыбында КИП-18-11, ВТ-16, ГЕО-17 тобының студенттері арасында «Тіл – халық мұрасы» атты зияткерлік ойын өткізілді.
Зияткерлік ойынның мақсаты:
1. Студенттерге қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту арқылы студенттердің білімдерін шыңдап, ой-өрісін
кеңейту;
2. Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3. Студенттердің мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылыққа, мемлекеттік тілдің үштұғырлығын насихаттау.
Сайыс «Бәйге», «Шешуін тап», «Полиглот», «Сөз құру», «Тақырыптық әңгіме құру», «Мақалды аяқта», «Жорға» атты 7 кезеңдерден құрылды.
Әділ-қазылар ретінде ОӘБ төрайымы Гүлмира Жақсылыққызы Калиева және қазақ тілі пәнінің оқытушысы Алмагүл Тұрмағанбетқызы Құсайынова сайысты бағалады.
Сайыс ойын түрінде өткізілді. Сайысқа Қайыргелді Қасым, Свистунов Вячеслав, Гилиздинова Алина, Мукушев Бекзат, Қадырбек Дариягүл, Нестеров Михаил қатысып, әр кезең сайын бір студент (аз ұпай жинаған) сайыстан шығарылды. Соңғы кезеңге 3 студент шығып, солардың арасында жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Мукушев Бекзат
2 орын - Қадырбек Дариягүл
3 орын - Свистунов Вячеслав
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!