«Ақ тілекпен, Астана!» атты көрмеден алған әсерім
Елордамыздың жүрегі жас қаламыз Астанамыздың 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ақ тілекпен, Астана!» атты көрмені тамашаладық. Астанамыздың өнерінің дамуын көрсетуге бағытталған. Көрмеге Тәуелсіздік сарайының қорынан қазақстандық суретшілердің елуге жуық жұмыстары ұсынылған. Соның ішінде көрмеде қойылған суреттердің бір бөлігі қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті, дәстүрлер сабақтастығын сақтап, өз жұмыстарында бейнеленсе, тағы бір бөлігі абстракция және модель тұрғысынан өз ойларын білдірген.
Бұл көрмеге кәсіби суретшілердің ерекшелігін, шығармашылық шеберлігін көруге болады. Көрмедегі суреттер өте жоғары талғаммен жасалған. Бұл көрме бізге пайдалы, қызықты ақпараттарымен ұнады. Жақсыны көрмек үшін деген, көріңіздер, өкінбейсіздер. Әлем таныған Қазақстанда көрер жаңалығымыз көп болсын!