Болашақтың туын биік ұстайтын жас ұрпақты тәрбиелеу
Қазақ тілі пәнінің оқу-әдістемелік
бірлестігінің төрайымы
Қожабаева Х.Ш
Мемлекеттің тарихы ғасылар бойы қаланып отыратын қамал сияқты. Әр ғасырдың ұрпаққа жүктелетін міндеті мемлекеттің қажеттіктерін өтеу мәселелерінен туындайды. Қазақ хандарының заманында мемлекетті қалыптастырып нығайту, оны үнемі ел болып қорғап отыру ұрпақ міндетіне жүктелді. Сол кездегі ата бабаларымыз өздеріне жүктелген міндетті ұлттық парыз деңгейінде түсініп қабілетті, білікті, есті, кемеңгер, ерік жігері мол жауынгер болуға ұмтылды. Жауынгерлік, біліктілік, кеменгерлік ұлттық тәрбиемен, діни сауаттылықпен, баланың жастайынан ел тұрмысымен араласып ширығып өсуімен келеді. Оқу барысы мен тәрбие жұмысы қоян- қолтық жүргізіліп отыру керек. Осыны жақсы түсінген біздің қазақ тілі пәнінің оқу –әдістемелік бірлестігі оқу жылы бойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай және сол бағдарламаның «тәрбие және білім» кіші бағдарлама бойынша көптеген іс-шаралар өткізуде. Солардың ішінде 05.06. 2018 жылы өткізілген « Ұлт тарихы және ұлы тұлғалар» салтанатты іс-шараның мақсаты да сол бағдарламалардың талаптарымен үндеседі.
Маусым айының басында 1-2 курс студенттерінің арасында « Астана –менің жүрегімде» атты шығарма байқауы өтті. Шығармаларында өз ойларын, пікірлерін жетік жеткізе білген, өлең түрінде көрсетуге ұмтылған
9 үздік шығарма иелері грамоталармен марапатталды. Марапаттау рәсімі салтанатты түрде бірінші корпустың конференц залында « Ұлт тарихы және ұлы тұлғалар» атты іс-шара кезінде өткізілді.
З-ПСК- 17 тобы студенттері өз ынталарын , белсенділігін танытып , осы ісшараны өткізуге көп үлес қосты. Тамаша әсем қазақ биін Қазақстанға арнаған әндер жалғастырды.
Сонымен қатар студенттердің патриоттық сезімін нығайтатын Абылай хан туралы бейнефильм көрсетілді
Осындай іс-шаралар өткізу мемлекетіміздің алдында тұрған маңызды міндет – болашақтың туын
биік ұстайтын жас ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосады.