Жаңа адамды жаңашыл оқытушы ғана тәрбиелейді.
Әдіскер Есентурова Б.С.
Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жақынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты. Еліміздің өркениетті дамыған елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай маман болып,бәсекеге қабілетті білімді болып жатса, бұл –ұстаздар еңбегінің жемісі.Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да,дананы да, ғалымды да ұстаз тәрбиелейді. Білімді де тәрбиелі ұрпақ-ертеңгі күні еліміздің тірегі. Тәуелсіздігіміздің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да –болашақ ұрпақ. Сондықтан ұстаз болу- жүректің батырлығы! Ұстаз батыр да батыл болса, шығармашылықпен, жаңашылдықпен өз жұмысын жоспарлап, үнемі ізденіс үстінде болса ғана шәкірт жүрегінде, қоғамымызда биік, мәртебелі орынға ие болады.
Мамыр айының 18-19 күндері Щучье қаласында облыстық «Үздік педагог- 2018» кәсіби шеберлік сайысы өтті. Бұл сайысқа «Көкшетау қаласы, Жоғары колледж» ұжымынан жаңашылдықпен өз іс- тәжірибесін іске асырып, жұмыс атқарып жүрген арнайы пәндер оқытушысы Мергунов Геннадий Александрович қатысты. Бұл сайыста арнайы пәндер оқытушысы өз кәсіби шеберлігін көрсетіп, жоспарланған сайыс кезеңдеріне белсенділікпен қатысып, шеберлік танытты. Сайыс қорытындысы бойынша Геннадий Александрович Ақмола облыстық білім басқармасының Грамотасымен марапатталып, «Эрудит» номинациясына ие болып,облыстық Кәсіподақ ұйымының ақшалай сертификатымен ынталандырылды.
Болашақта Геннадий Александровичке: «Шеберліктің шыңына шыға беріңіз!» -деген тілек айтамыз!