«Жігіт сұлтаны»
Ер – елінің қорғаны
Мамырдың 4 жұлдызында Жоғары колледжде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Жігіт сұлтаны» атты мерекелік кеш өтті. Ең қасиетті, ең құнды мерекеге арналған мерекелік шараны тәрбие ісі директордың жөніндегі орынбасары алғашқы сөз сөйлеп, барша колледж ұжымы мен студенттерін айтулы мерекемен құттықтады.
Кешті А-17 тобының студенттері әнмен бастады. Кешті ГЕО-17 тобының студеттері Карбаева Эльмира және Койшыгулова Адия жүргізді. Кеште колледждің сегіз қырлы бір сырлы өнерпаз студенттеріні өнерлері тамашаланды.
Мерекелік концерттік бағдарламада 1 курс студеттердің жігіттері арасында «Жігіт сұлтаны» атты сайыс өткізілді. Бұл сайысқа ТМ-17-1 тобының студентті Жабагин Темірхан, З-ТМК- тобынан Аманбек Қазбек , КИП-17
тобынан Бакиров Султан, З-ОПИ-17 Параконный Роман, З-ВТК тобынан Өсербай Бахтияр өз өнерлерін көрсетті. Бұл сайыс 3 тур бойынша өтті. 1 турда қатысушылар өздерін таныстарып өтті, екінші турда қатысушылар өздерін шығармашылық, ақыл - ой тереңдігін, ой ұшқырлығын, спорт жағынан таныта білді. 3 турда жігіттер өздерінің хоббиларын көрсетті.
Әділ- қазылар сайысқа қатысқан, жігіттерді бағалап, бірінші орынды ТМ-17-1 тобының студенті Жабагин Темірханның қанжығасына байлады.
А-17 тобының студенттері керемет «Военный вальс» билеп кешімізді аяқтады. Мерекелік кеш көптің көңілін көкке көтеріп, барша қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Жастарымыз бақытты болсын! Еліміздің болашағы сендер арқылы мықты болсын! Елбасымыз айтқандай: Біз тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық! Қазақстанымыз, еліміз мәңгілік болсын!»
Е. Бобкова,М. Мухамеджанова