01.07.2024
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК түсіндіру
Құрметті ата-аналар / қамқоршылар !
«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлері мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысының 5-тармағына сәйкес Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК-да студенттер білім алу кезеңінде ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі :
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар , сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына;
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға;
3) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар;
5) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер.
Ақшалай өтемақы студенттің өтініші бойынша ерекше жағдайларда төленеді.
