26.12.2023
Жаңа жыл - бұл әркімнің өміріндегі ерекше оқиға. Ол сиқырлыққа, үлкен үмітке және көптен күткен қуанышқа толы.
2023 жылғы 23 желтоқсанда Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі Президенттік шыршаға қатысқан - 200 оқушыға есік ашты. Ақмола облысының оқушыларына аниматорлардың қатысуымен түрлі-түсті шоу – қойылым, Аяз Ата, Ақшақар, Аққала, келер жылдың символы-айдаһармен ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Ерекше және жарқын жаңа жылдық декорациялар аясында балалар мен қонақтар суретке түсті. Керемет мереке - Жаңа жыл қарсаңында балалар көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер алып, қуаныш энергиясымен қуатталды.