15.04.2025

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде Индустрия 4.0 тұжырымдамасы шеңберінде озық өндіріс бағдарламалары бойынша Халықаралық салалық аккредиттеу жүргізілуде.
Модератор-Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы өз тарихымен, табиғи және мәдени көрікті жерлерімен танымал Ақмола облысында ADVANCED MANUFACTURING (Индустрия 4.0 озық өндірісі) бағдарламалары бойынша Singapore Polytechnic халықаралық салалық аккредиттеу аудиторларын құрметпен қарсы алды.
"...Аккредиттеу бағдарламасы кәсіптік-техникалық бейіндегі білім беру мекемелерінің жоғары технологиялық өндірістер үшін мамандар даярлаудың әлемдік салалық стандарттарына сәйкес келетіндігін растауға бағытталған. Ол білім беру бағдарламаларының сапасын, оқу зертханаларының жабдықталуын, оқытушылар құрамының құзыреттілігін және түлектердің озық технологиялары жағдайында жұмысқа дайындығын бағалайды"-деп атап өтті.
Қазақстан Республикасындағы Marshall Cavendish Education Singapore өңірлік серіктесі, Халықаралық білім және инновациялар орталығының директоры Айман Абзал делегацияны таныстырды:
1. То Сер Кхун мырза, Сингапур политехникалық колледжінің Халықаралық бөлімінің басқарушы директоры
2. Дункан Си, мырза, Сингапур политехникалық колледжінің Машина жасау және аэроғарыштық Инженерия мектебі (MAE) директоры
3. Доктор Ган Сзе Вэй, Сингапур политехникалық колледжінің машина жасау және аэроғарыштық Инженерия мектебінің (MAE) аға оқытушысы
4. Доктор Вин Тун Латт, Сингапур политехникалық колледжінің құзыреттілік жетекшісі (озық өндіріс)
5. Ли Фу Кун мырза, Сингапур политехникалық колледжінің Халықаралық бөлімі директордың көмекшісі
6. Васим Бакр Хамид мырза, Сингапур политехникалық колледжінің Халықаралық бөлім менеджердің көмекшісі.
Кездесуге Ақмола облысының өкілдері қатысты:
1. Мұсылманбек Ерқанат Серікұлы- Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры;
2. Нуралин Нажмиден Муратович - Ақмола облысы білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы.
Көкшетау қаласының мемлекеттік колледждерінің басшылары:
1.Ахат Нұртас Ахатұлы - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ж. Мусина атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК.
2.Шабданова Сайран Омирзаковна- «Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы көпсалалы Инновациялық колледж» МКҚК
3.Мұхамедияр Саян Болатұлы ГККП «Көкшетау қаласы ,Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі»
4.Бегайдаров Ерлан Бегайдарұлы- Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК
Озық өндірісті енгізетін Ақмола облысының әлеуметтік әріптестері кәсіпорынның қызметін таныстырды.Әлеуметтік әріптестер кәсіпорындарының басшылары:
1.Калманбаев Қайрат Жаныбаевич – «Тыныс» АҚ бас директоры
2.Борко Виталий Александрович – «ЗаводКазАгроМаш» ЖШС бас директоры
3.Балыбин Олег Генадьевич – «Казахстанстандық Агро Инновациоялық Корпорация» ЖШС бас директоры
4.Дылдин Игорь Николаевич – «Степногорск подшипник зауыты» АҚ техникалық директордың орынбасары
5.Кислова Анна Владимировна – «Степногорск подшипник зауыты» АҚ персонал жөніндегі директоры
«Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК әкімшілігі
Алдағы ынтымақтастыққа сәттілік тілейміз!